- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 721
#Тараз: Рамазанда 5 рет Құран хатым етілді
Тараз қаласы "Әл-Әділ" мешітінің жанындағы ДСАК ұстазы Ж.Бекназарова шәкірттерімен бірге Рамазан айы бойы Құран Кәрімді 5 рет бастан аяқ түгел оқып шықты.
Тараз қаласы "Әл-Әділ" мешітінің жанындағы ДСАК ұстазы Ж.Бекназарова шәкірттерімен бірге Рамазан айы бойы Құран Кәрімді 5 рет бастан аяқ түгел оқып шықты.
Сарысу аудандық мешітінде құптан намазынан соң асыға күткен қадыр түні жамағатпен бірге өтті. Тарауық намазынан соң қариларымыз құранды бір ай бойы бастан аяқ хатым етіп бітіріп шыққан себепті ауданның бас имамы Айбек Амангедіұлы екі жас қаридың үстіне шапан жауып, қолдарына 600 000 табыстағаннан кейін құран қатым дұғасын жасады.
Алла Елшісі ﷺ: «Егер де кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды…» деген. Сонда ол: Уа, Расул Алла! Ауызашарға ештеңе таппаса не істейді? деді.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген жақсы сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын дәстүр осы уақытқа дейін өз өміршеңдігін жойған емес.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Кеңес ауылдық «Кеңес» мешітінің асханасында ораза ұстаушы жамағатқа ауызашар дастарханы жайылды.