Алла Елшісі ﷺ: «Егер де кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды…» деген. Сонда ол: Уа, Расул Алла! Ауызашарға ештеңе таппаса не істейді? деді.
Сонда Пайғамбарымыз ﷺ – "Бір тілім нан берсін"деді. – "Ол да болмаса ше?"
–"Онда қара су берсін" деді, Алла Елшісі ﷺ.
Осыған орай, Қордай ауданы, Қақпатас ауылы «Қақпатас» мешітінің молдасы Жармаханбет Танекеевтің ұйымдастыруымен арнайы түрде Аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Алмұханбетаранжан Егізбаев пен ауданымызға қарасты мешіттердің барлық дін қызметкерлерін ауызашарға шақырды. Бас имам осындай жақсылықты ұйымдастырған ауыл молдасына және оған демеушілік еткен жандарға алғысын айтып, сол жиында өзінің келелі уағыз-насихатын айтты, Ауызашарға Қордай өңірінен елу бес имам барды. Ақ дастархан басында Құран аяттары оқылып, ақсақал қариялар еліміздің, жеріміздің тыныштығы мен амандығын сұрап дұға жасады.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі