#Қордай: Мешіттерде ағаш отырғызылды

#Қордай: Мешіттерде ағаш отырғызылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген жақсы сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын дәстүр осы уақытқа дейін өз өміршеңдігін жойған емес. Осы мақсатта Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы «Бетқайнар» мешітінің молдасы Нұрлан Жиенбаев, Кіші сұлутөр ауылы «Сұлутөр» мешітінің молдасы Базарбек Бедельбаевтың бастауымен мешіт айналасына шырша және тағы да басқа ағаш түрлері отырғызылды.

Табиғатты аялап, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мұндай игі іске мешіт жамағаты да ат салысты. Қоршаған ортаны барынша аялауға баршамыз жауаптымыз.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: