Тараз қаласы, "Әл-Әділ" мешітінің имамы мешіт жанындағы ДСАК әйел шәкірттерге арнайы ауызашар берді. Ауызашар жиынын имамның өзі ашып, Құран оқыды.
Ауызашарға 50-ден аса әйелдер қатысып, қонаққа қалалық ұстаздар да қатысты. Имамның арнайы көңіл бөлгеніне риза болған шәкірттер алғыстарын айтып, әжелер мен апалар ақ батасын берді.