Сарысу аудандық мешітінде құптан намазынан соң асыға күткен қадыр түні жамағатпен бірге өтті. Тарауық намазынан соң қариларымыз құранды бір ай бойы бастан аяқ хатым етіп бітіріп шыққан себепті ауданның бас имамы Айбек Амангедіұлы екі жас қаридың үстіне шапан жауып, қолдарына 600 000 табыстағаннан кейін құран қатым дұғасын жасады.
Қадыр түнінде Сарысу аудандық мешітінің имамдары мен ұстаздары уағыз насихат айтып, жамағатқа «мың айдан да хайырлы болған қадыр түні» атты викториналық сұрақтар қойып өте қызықты сайыстар өткізді. Айта кететін жайт сұрақтарға дұрыс жауап берген жеңімпаздарға ақшалай берілсе, мешітке келген барлық азаматтарға балмұздақ таратылды. Аудандық мешітте ауыр ашар мен сәресі беріліп, таң намазы оқылып болғаннан кейін бас имам барша мұсылман қауымына келесі қадір түніне аман есен жетуге дұға жасады.