Түркістан қаласында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы арқылы көпбалалы әрі жалғызбасты ана баспаналы болды.
Осылайша республика бойынша аталмыш қайырымдылық акциясының 800-баспана кілті берілді.
Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасымен берілген баспана бес баланың анасы, жалғыз басты ана Нигора Сапаеваға бұйырды.




17 Мамыр 2026
30 Зуль-каада 1447

