Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы адамның діни сеніміне тіл тигізгені немесе басқалай жолмен қорлағаны үшін қолданылатын жазаны күшейтуді қарастыратын заңға енгізілген түзетуді бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл өзгерту РФ Қылмыстық кодексіне жаңа бапты (2431-й) енгізуді қажет етеді. Егер бұл бап енгізілетін болса, адамның құлшығына, діни наным-сеніміне тіл тигізгені немесе басқалай жолмен қорлағаны үшін осындай әрекетке жол берген екінші тараптың үстінен қылмыстық іс қозғалады. Қылмысы дәлелденетін болса, оған 300 мың рубль мөлшерінде айыппұл салынып, 200 сағатқа дейін жұмысқа жегіледі. Сондай-ақ, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.


30 Маусым 2026
14 Мухаррам 1448
