ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- Басқы бет
- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Қырым елінің Азық-түлік және аграрлық саясат министрі Валерий Кравец Исламды қабылдады, деп хабарлайды «Reeana» агенттігі. Валерий Николаевич өмірге құштар және адамгершілі мол кісі. Оның жұмыс кабинетінде Құран кітабы тұр. Ол бұл туралы жарнамалағысы келмейді, себебі, осы тақырыпқа қатысты арандатушылыққа жол бергісі келмейді», - дейді агенттік.
Толығырақ...
Итальяндық өндіруші Caseificio Sociale Manciano шариғат ережелеріне сай тоскандық пекорино ірімшігін өндіріп шығарғаны үшін «Халал» сертификатын жеңіп алды. Аталмыш сертификатты Zayd Ibn Thabit ислам ассоциациясы компаниясы берді, деп хабарлайды MuslimEco.
Тоскандық пекорино ірімшігінің нарыққа шығуы басқа да ірімшік шығарушы зауыттардың халал сертификат алуға қызығушылықтарын арттырып отырғанын көрсетті.
Толығырақ...
Халық саны 6,121 млн адамнан тұратын Францияның оңтүстік-шығысында орналасқан Рона-Альпі аймағында ең үлкен мешіттің ашылу салтанаты болып өтті. Бұл мешіт Лион қаласындағы мешіттен кейінгі үлкен мешіт болып саналды. Мешіттің сыйымдылығы 1,5 мың адам.
Алла үйінің ашылу салтанатына Живор ауданының мэрі Марсьяль Пасси және жергілікті депутаттар, көрші қалалардан келген мұсылман жамағаты қатысты.
Толығырақ...
Түркияның үкімет басшысы Реджеп Тайип Эрдоган ел тұрғындарын алкогольден бас тартып, оның орнын айранмен алмастыруға шақырды. Бұл туралы Эрдоган Стамбулда өткен конференцияда: «Сыра, өкінішке орай нарықта ұлттық сусынның орнын алып отыр. Біздің ұлттық сусын - айран екенін ұмытпайық», - деді ол өз баяндамасында.
Толығырақ...
Каир қаласында тек әйелдерге ғана арналған автобус пайда болды. «Әйелдерді сыйлайтын көлік» ислами партия мүшелерінің ықпалымен іске кірісті. Мұндай көлікті қоғамға шығарудағы мақсат шариғатқа сай әйел адамдарды бөтен назарлардан сақтануға септігін тигізу.
Толығырақ...
2013 жылы «Бахетле» сауда желісі үш дүкен ашуды көздеп отыр. Оның екеуі Мәскеуде, біреуі Қазан қаласында ашылады деп жоспарлануда. Бұл компанияның жоспарында сол үш дүкеннің біреуін «халал» әмбебап дүкен етіп ашу бар екен. Арнайы мамандардың айтулары бойынша, бұл дүкен жаңа форматта басқа дүкендер желісін басып озбақ.
Толығырақ...