Қырым елінің Азық-түлік және аграрлық саясат министрі Валерий Кравец Исламды қабылдады, деп хабарлайды «Reeana» агенттігі.
Валерий Николаевич өмірге құштар және адамгершілі мол кісі. Оның жұмыс кабинетінде Құран кітабы тұр. Ол бұл туралы жарнамалағысы келмейді, себебі, осы тақырыпқа қатысты арандатушылыққа жол бергісі келмейді», - дейді агенттік.
Министр Исламды қабылдағаны жөнінде сұхбат беруден бас тартып, өзінің жеке өмірі, балалары жөнінде сыр ашпайтынын және бұл мәліметтерді өзге адамдардың жеке мүддесі үшін пайдалануы мүмкін деген сақтықпен мәлімет бермейтінін мәлімдеді.
Белгілі болғандай, министр Валерий Кравец 24 сәуірден бастап қызметтен кету туралы арыз қалдырған. Қазіргі уақытта Кравец кондитер өнімдерін шығаратын «АВК» украиндық компаниясының директоры және ең бақуатты министр болып табылады.