Халық саны 6,121 млн адамнан тұратын Францияның оңтүстік-шығысында орналасқан Рона-Альпі аймағында ең үлкен мешіттің ашылу салтанаты болып өтті. Бұл мешіт Лион қаласындағы мешіттен кейінгі үлкен мешіт болып саналды. Мешіттің сыйымдылығы 1,5 мың адам.
Алла үйінің ашылу салтанатына Живор ауданының мэрі Марсьяль Пасси және жергілікті депутаттар, көрші қалалардан келген мұсылман жамағаты қатысты.
Жаңа мешіт Рона-Альпінің тұрғындары мен мұсылман жамағаты қаржылай демеушілігімен тұрғызылыпты. Бас-аяғы мешіттің салынуына 2,9 млн евро жұмсалған.
Мешіттің ауласында діни әдебиеттері бар үлкен кітапхана және Живора ислами мәдени орталығы, Құран және араб тілі курстары жұмыс істейін болады.