Египетте Ислам ғылымдары жайлы баяндалған жаңа энциклопедия жарыққа шықты. Бұл жаңа басылым Батыс елдеріне Ислам және мұсылмандар туралы соқыр нанымдары мен қате пікірлерін түзеуде көмек беретін құралы болып табылады.
Стаффордшир британдық графтығындағы мұсылман жамағаты Ислам дініне арнап ерекше көрме өткізді. Мұндағы мақсат Ислам туралы теріс ұғымдар мен жалаң пікірлермен күресу. Стаффорд қаласында өткен көрме табысты аяқталды. Стаффорд Ислам мәдени орталығында өткен бұл көрмеге келушілер Исламның негіздерімен танысты. Оқиға аясында Ислам және әлемдегі мұсылмандар жөнінде көптеген деректі фильмдер көрсетілді және кітаптар экспозициясы, Ұлыбританиядағы мұсылман жамағатының фотокөрмесі де қойылды.
7-9 сәуір күндері Медине қаласында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында Құран оқу жарысы өтеді. Бұл жарыс осымен 17 рет ұйымдастырылып отыр. Конкурстың әділ қазылары құрамында әйгілі ғалымдар мен қарилар бар, деп хабарлайды аzan.kz.
Сауд Арабиясында өткен Құран жарысы кезінде көру мүмкіндігі шектеулі бала Құранды жатқа айтып, бәрін таң қалдырды. Бір таң қаларлығы зағип бала Құранның кез-келген сүресі мен аяттарын жатқа айта алады екен, деп хабарлайды аzan.kz.
Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешітінде таң намазының сүннетін оқып жатқан кезінде африкалық егде ер адам бақилық болды. Бұл туралы Akhbaar24 сілтемесі арқылы «аzan.kz» сайты мәлімдеді.
Осы жылдың 4 сәуірінде Қазан қаласында бүкілресейлік «Ислам-online» конференциясы өтеді. Мұндағы мақсат мұсылман журналистері мен мұсылман БАҚ порталдарын дәстүрлі Ислам құндылықтарын насихаттау үшін біріктіру.
«asyldin.kz» - әлемде және елімізде болып жатқан діни жаңалықтардан хабар беретін, оқырмандардың рухани және діни танымын арттырып, діни сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ресми діни-танымдық, ақпараттық порталы.