Түркияның билік басындағылар мемлекеттік қызметкерлерге жазғы маусымға арналған арнайы ресми код белгілеп, сол арқылы хиджабқа тиым салу туралы шешім шығарды.
Киімнің бұл түрін мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектер жазғы ыстықта киюі тиіс, деп жазылған Түркияның Ішкі істер министрлігі бекіткен жаңа қаулыда.
Ер адамдар «үтіктелген, ашық түсті, жұқа матадан тігілген шалбар және ұзын немесе қысқа жеңді көйлек киюлері керек. Костюм киіп, галстук тағу міндетті емес. Футболка, шолақ шалбар, жеңіл сандал аяқ киім киюге тиым салынады», деп жазылған сол қаулыда.
Жаңа ереже бойынша, әйел адамдар жұмысқа төмен немесе орташа өкшелі аяқ киіммен келулері тиіс. Сонымен қатар, олардың шаштары ашық болуы керек. Хиджабқа, жеңсіз жеңіл киімдерге, шәркеге, жеңіл аяқ киімдер киюге үзілді-кесілді тиым салынады.