Қазақстан Республикасының Парламенті түсік жасатуға тыйым салуды көздейді. Кеше Мәжіліс депутаттары хирургиялық жолмен түсік жасатуға заңмен тыйым салудың қажеттілігін айтып қалды. Әзірге бұл бастама жекеменшік клинакаларға қатысты айтылды.
Қазіргі уақытта кез келген гинекологиялық кабинетте түсік жасатуға болады. Халық қалаулылары бұған қарсы. Әр адым аттаған сайын кездесетін мұндай клиникалардың көптігі әйелдерді түсік жасатуға шақырғандай. Халық саны аз елімізде түсік жасатудың демографиялық саясатқа соққы болып тиетінін ескерген ел елеулілері осындай ұсыныспен шығып отыр. Сондай-ақ, депутаттар еліміздегі әйелдерге "балалы үй - базар" болатынын естеріне салып, көп тууға кеңес берді.
muslim.kz