ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қытай үкімет басындағылар 18 жасқа толмаған мұсылмандарға және мемлекеттік қызметкерлерге мешітке келуге тиым сала отырып, мұсылмандарға қысым жасап, құқығын таптап отыр. Бұдан бөлек, Қытайдың солтүстік-батысындағы Синьцзян провинциясындағы ұйғырларға қарсы қатаң шаралар қолданылуда. Мәселен, билік өкілдері Рамазан айында жергілікті дәмханаларға күні бойы жұмыс істеуге, ал мемлекеттік қызметкерлерді түстенуге мәжбүрлейді екен. Ол аздай, оларға мұсылмандық киімде мемлкеттік мекемелерге кіруге тиым салынған.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Мысыр үкіметі ер адамдардың қонақ үйлердегі әйелдерге арналған спа-орталықтарында жұмыс істеуге тиым салды. Мұның басты себебі ер адамдарның әйелдерге жақындасуға сөзбен немесе денемен емеурін танытып, еркектің әйелге қылымсып, қырындауымен күресу болып отыр, - дейді Al-Ahram баспасөз қызметі.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Сауд Арабиясының 88 жастағы патшасы Абдулла ибн Абдуль Азиз Әль Сауд клиникалық өлім халінде жатыр, деп жазады Sharq Al-Awsat басылымы.
Патшаның өмірін өкпеге арналған ауа алмастыру құрылғысы сақтап тұр. Оның ағзасындағы маңызды мүшелері - жүрегі мен бүйрегі қызметтерін тоқтатқан.
Абдулла патша 35 баланың әкесі. Патшаның қазына-мүлкі 63,2 млрд долларға бағаланып отыр, - дейді аталмыш басылым.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Бұдан бұрын Бас мүфти бастаған діни басқарма делегациясы Египет Араб Республикасына ресми сапармен баратынын хабарлағанбыз. Бүгін Каир қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Мысыр мүфтиі шейх Шауқи Ибрахимнің қабылдауында болды. Кездесуге Қазақстанның Египет Араб Респубиликасындағы елшісі Берік Арын және наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Түркия Парламенті қоғамдық орындарда ішімдік ішу мен сатуға тиым салу туралы заң жобасын мақұлдап, қол қойды. Ішімдік ішуге тек барлар мен арнайы көрмелерде рұқсат етіледі, ал мешіттердің жанында орналасқан барлар, дәмханалар мен дүкендерде, сонымен қатар, оқу орындары мен жанармай бекеттерінде ішімдік ішуге және сатуға қатаң тиым салынады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Жазғы демалыстан соң, Германияның Гессен қаласындағы мектептерде көптен бері жоспарланып келе жатқан Ислами сабақтар жүргізілетін болады. Сабақтар 2-7 сынып оқушыларына өткізіледі. Ислами сабақтар жүргізілетін мектептердің көпшілігі Рейн аумағында орналасқан, себебі, ол аумақта мигранттар көптеп тұрады, - дейді Мәдениет министрі. Бұл сабақтар жүргізілетін оқу орындарының көбісі Рейн аумағына орналастырып жатырмыз, себебі, Германиядағы мигранттардың көпшілігі осы аумақта қоныстанған, - дейді елдегі Мәдениет министрі.