ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Рамазан айының қарсаңында австралиялық мұсылмандар теледидарға  Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  туралы жарнама беріп отырмақ. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бұл әлемдегі орны мен адамзат үшін қандай дәрежеде екендігін толық насихаттау барысында осындай елеулі жұмыс жасалынуда. Жарнамада  әлем ойшылдары Махатма Ганди, Бернард Шоу сынды тұлғалардың  Алла елшісі (с.ғ.с) туралы  келелі ойлары берілмек. Жарнама  Рамазан айының басталу күні, яғни, 9 шілдеден бастап экранға жол тартпақ.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Жақында  зерттеу нәтижелерінің  қорытындысы бойынша Британиядағы ислам орталықтарындағы  мешіттерінің жартысына жуығы исламофобяилардың шабуылынан зардап шегуде деп есептейді әлем саясаткерлері. Бұған зейінсіз үкімет кінәлі. "Вулвичедегі кісі өлтіруді ұйымдастырушылар, әлбетте, антимұсылман қақтығыстарынан туындады" дейді зерттеу жүргізген Тиссайд университетінен профессоры Нигел Копси бір сұхбатында. Зерттеуді TheIndependent газетімен бірлесе жасаған профессор Копси 40-60% мешіттер  және ислам орталықтарында( 700-ге жуық)  түрлі шабуылдар болған екен.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
FEMEN қозғалысының жалдама мүшелері Стокгольмның(Швеция) басты мешітінде шешінді.
FEMEN - исламға қарсы қозғалыс ұйымдастырушы әйелдер болып табылады. FEMEN-нің мысырлық белсендісі Әлия аль Магди мен үш азаматша секстремистік қозғалыс -акциясын Стокгольмның басты мешітінде жасады. Мысыр, Тунис және швед секстремисттері мешіттің құлшылық бөлмесінде үстеріндегі қара кимешектерін шешіп тастап, шариғатқа қайшы әрекет етті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Түркияның діни министрлігі елде жаңа мамандық, яғни, ислам діні үшін гид мамандығын ашуға жарлық шығарды. Гидтар өзінің міндеттерін мұсылманның діни мекемелерінде орындайтын болады.Туристер міндетті түрде исламның даму тарихын, мұсылман мәдениетінің негізгі ережелерін білуі керек. Кадрдың дайындығы үшін Түркияның дін министрлігі арнаулы курстарды ашады, болашақ гидтар қажетті білімдерді алуына толық мүмкіндіктері бар.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Сауд Арабиясының жоғарғы мүфтиі халықты көше тіленшілеріне ақша үлестіре беруді тоқтату керек деп түйді. Ол жергілікті телеарнадағы "Нұра аля ад-Дарб" деген діни бағдарламасында «"қайыршылардың" көпшілігі жұмыс істеу қабілеті барына қарамастан қайыршылықпен шұғылданады» деп мәлімдеді. Бұл біржола тоқтатарлық тиым емес, тек, шын мұқтаждарға беруге болатындығын жеткізді. Сондай-ақ, зекет жайына келгенде де абай болу керектігін құлақтандырды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Мешіттің ғимараты қаланың бекетті ауданында салынды. Бұл Челябинск  облысындағы екінші мешіт  болып табылады. Кыштымда  3 мыңнан астам халық тұрады. Соның ішінде татарлар, башқұрттар және сырттан келген дәстүрлі ислам халыктары да бар. Мұнара биіктігі 33 метр. Бірінші қабатында мұсылман-ерлер үшін  288 шаршы метрлі құлшылық орны бар. Әйелдер үшін екінші қабатта жағдай жасалған.  Күмбездер алтын жалатылған. Іргетасының биіктігі 3,6 метрге, қабырға қалыңдығы  1 метрге жуық. Ғимараттың қасбеті араб қарпімен жазылған.