
- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
 - ҚАРАЛДЫ: 3043
 
Қыштым қаласында жаңа мешіт бой көтерді.
        Мешіттің ғимараты қаланың бекетті ауданында салынды. Бұл Челябинск  облысындағы екінші мешіт  болып табылады. Кыштымда  3 мыңнан астам халық тұрады. Соның ішінде татарлар, башқұрттар және сырттан келген дәстүрлі ислам халыктары да бар. Мұнара биіктігі 33 метр. Бірінші қабатында мұсылман-ерлер үшін  288 шаршы метрлі құлшылық орны бар. Әйелдер үшін екінші қабатта жағдай жасалған.  Күмбездер алтын жалатылған. Іргетасының биіктігі 3,6 метрге, қабырға қалыңдығы  1 метрге жуық. Ғимараттың қасбеті араб қарпімен жазылған.  
    
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.


                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447