ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
"Қасиетті Рамазан айына байланысты Мәдинелік Масджид ан-Набави мешіті ораза ұстаған барлық ұлттың мұсылмандарына, күнделікті 100 мың астық сыбаға тарата алады" деп хабарлайды al - Riyadh басылымы. Пайғамбар (Масджид ан-Набави) мешіті бастығының орынбасары шейх Абдулазиз аль-Фалехтың сөзінше ауызашарда мешітте азық-түлік пен сусындар, өріктер, нан, кофе, қаймақ және түрлі тағамдар ұсынылады. Ұсынылатын тағамдар гигиенаның барлық талаптарына жауап беретін лайықты ыдыстармен беріледі және аспазшылар ас-мәзірін арнаулы қолғаптармен дайындайды екен.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Грузия премьер-министрі Иванишвили Бидзин Дедоплисцкарой  ауданына қарасты Самтацкаро ауылындағы  православиелік жергілікті халықтардың ауылдас-мұсылмандардың жұма намазына кедергі жасауын жөн еместігін алға тартты. Иванишвилидің айтуынша  заң бойынша барлық дін өкілдері өздерінің діни мейрам-рәсімдерін тойлауға, құлшылықтарын жасауға құқылы. Мұсылмандарға да сондай ерік берілген.  "Самтацкаро халыктарына   бірінші кезекті айтарым: Заңды қатаң  сақтасын.  Жергілікті мұсылмандардың құлшылықтарын өтеуге біз рұқсат етеміз. Кім сол рұқсатқа қайшы әрекет істесе, онда біз заңның күшін пайдаланамыз",-деп жауап берді  премьер-министр журналисттерге берген сұқбатында.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Австралии тарихында бірінші  рет  депутат-мұсылман Эд Хусич премьер-министрдің парламенттік хатшысы болды.  Сондай-ақ, федералды үкіметінде ант қабылдаған алғашқы мұсылман екен.  "Бұл мультимәдениет үшін өте ерекше жағдай, әсіресе, біздің елімізде болғандығы үшін", - деп ағынан жарылды Австралияның генерал-губернаторы Брайс Квентин  ант қабылдау салтанатында.  Босниялық Хусич  премьер-министрдің және парламенттік хатшысының  орынбасарының лауазымындағы алғашқы мұсылман.  Ол  батыс Сиднейден шыққан, әдеттегі мемлекеттік мектепті бітірген, колледжде және кейін батыс Сидней университетінің дипломын алған екен.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Channel 4 британдық арнасы қасиетті  рамазан айынан бастап  күнделікті  таңертеңгі азанды экранға шығармақ. Қоғамдық телеарнаның хабарлауынша бұл жоба исламды толық тануға күш салады. Себебі, біршама халық  исламды экстремизммен байланыстырады екен.  Channel 4 арнасы таңертеңгі  азанды  30 күн бойы халыққа ұсынбақ. Азан уақыты таңғы үштен басталады және үш минуттай уақытты алады екен.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Тажікстанда мұсылман әйелдер өзге діндегі ерлерге шықпауы керек.   Дегенмен,  елдің конституциясы  көптеген еркіндікке мүмкіндік береді, негізгі заңның сол жағдайына біраз өзгертулер енгізу керек, - деп мәлімдеді парламент төменгі Палата депутаты Саодат Амиршоев
"Бүгінде қыздарымыз  байлығы мен ақшасына бола өзге діндегі азамттарға тұрмысқа шығуда. Мұның арты тәжік аналары үшін өкінішке ұласуда" дейді депутат.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Қасиетті Мекке қаласында әр-Раджихи мешіті ашылды. Онда бір мезгілде 48 мыңнан аса адам ғибадат ете алады. Ән-Нәсім кварталында ашылған мешіттің тұсауын Мекке провинциясының әміршісі Халид әл-Файсал кесті. Бұл жайында Iinanews хабар таратты.