Қағба аумағында өрт шықты.

Қағба аумағында өрт шықты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мекке шаһарындағы қасиетті Қағбаны жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта өрт шықты. Бұл жайында корольдіктің азаматтық қорғаныс басқармасының өкілі Салех әл-Альяни мәлім етті.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тобы тілсіз жауды тез арада құрықтады. Әл-Альяни мырзаның мәлімдеуінше, өрт аумағы 20 шаршы метрді құраған. Өрттің шығуына құрылыс жұмыстарына қажетті ағаш құрылғылар себеп болғанға ұқсайды. Аталмыш оқиғадан 14 адам зардап шеккенімен, апат адам шығынысыз аяқталған.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері жайлы зерттеу-тергеу жұмыстары жүргізілуде.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: