Алматыда Елбасы атынан ауызашар берілді (ФОТО)

Алматыда Елбасы атынан ауызашар берілді (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматы қаласында Қабылдау үйінде зиялы қауым, БАҚ өкілдеріне, діндарларға Елбасы атынан ауызашар берілді. 

Игі шараға қала әкімі Ахметжан Есімов пен Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, дін мен діліміздің жанашыр тұлғаларын Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет Құран оқып, Бас мүфти бата берді.

«Отыз күн ораза – тәрбие мектебі, адамның сабырын шыңдайтын, адалдық пен адамгершілікке, мейірімділік пен қайырымдылыққа жетелейтін құлшылық. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Оразаға тең келер құлшылық жоқ», – деген хадисінің мәні мен маңызы зор. Аллаға шүкір, халқымыздың дархан мінез, кеңпейіл ниетінің арқасында еліміздегі ұлттар мен ұлыстар ынтымаққа ұйысып, өмір сүруде. Бүгінде мешіттерімізде өткізіліп жатқан ауызашарлар, қайырымдылық акциялар ағайынның арасын жақындата түсетін, ұлт өкілдерін бірлікке бастайтын игі шараға айналды. Алла тағала ұстаған оразамыз бен қасиетті айдағы дұға-тілектерімізді қабыл еткей», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Қоғам қайраткерлерінің басын ізгілікке біріктірген ауызашар дастарханында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында биылғы жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялауына орай, ғибратты терме-толғаулар орындалып, Отанды сүюге, туған жерді қадірлеуге үндейтін әндер шырқалды. ҚМДБ Жалпы және жастар бөлімнің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы жиналған жамағатқа уағыз айтып, ізгілікке үгіттеді.

muftiyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: