Ұлыбританиялық турист Дубайда 1 айға қалатын болды. Ол Рамазан айында ішімдік ішіп, жан-жағына қолайсыздық тудырғаны үшін айыпталып отыр. Жергілікті баспасөз мәліметіне жүгінсек, 51 жасар британдық такси ұстап, оның жүргізушісінен қонақүйге апарып тастауын сұраған. Межелі жерге жеткенде ұйқтап қалған туристі оятқан такси жүргізушісі қолайсыздыққа тап болады. Ішімдіктің буына мас болған ол дауыс көтеріп, мәшинені ұрғылап, капотты зақымдаған. Айыпты бұл үшін 550 доллар көлемінде айыппұл төлейтін болды. Бұған қоса ол мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Рамазан айында ішімдік ішкен. Бұл да туристің жазасын ауырлататын негізгі себептерге жатады.
muslim.kz