Қазақстанда Эбола қызбасының табиғи ошақтарының тамыр жаюы және эпидемиялық таралуы үшін ешқандай жағдайлар жоқ. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішев мәлім етті.
Қазақстанда Эбола қызбасының табиғи ошақтарының тамыр жаюы және эпидемиялық таралуы үшін ешқандай жағдайлар жоқ. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішев мәлім етті.
Түрік полициясы елдің оңтүстігіндегі Дыярбакирде орын алған күрділердің көтерілісі турлы сюжет түсіріп жатқан немістің үш журналисін тұтқынға алды. Хабар бойынша, журналистер қақтығысты өршіту және арандатушылық істері үшін айыпталып отыр.
Эбола вирусының таралуы күн санап өз масштабын үлкейтіп келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, вирус ендігі кезекте Кения жеріне де таралып үлгерген. Ендігі жерде бұл вирустың бүкіл Африка континентін басып алу қаупі бар екені де анықталып отыр.
Хошимин Департаменті директорының оынбасары Ла Куок Ханьнің айтуы бойынша, мұсылман елдердің ішінде, әсіресе, Индонезия мен Малайзия халықтарының Вьетнам жеріне саяхаттауы соңғы жылдары күрт өскен. Ол мемлекеттердің ішінде Үндістан мен Таяу Шығыс халықтары да бар екен.
Оман Орталық банкі сұлтандықтағы ислам банктерінің операциясын қадағалауды жүзеге асыратын шариғи кеңесін қалыптастырды.
Шешенстанның басшысы Рамазан Кадыров шығыс жекпе-жегінен қара белбеуге ие болды. Бұл лауазымды Ресейдің киокушинкай жекпе-жегі ассоциациясының жаттықтырушысы Александр Алымов табыс етті. Бұл туралы Шешенстан басшысы өзінің Instagram әлеуметтік желісінде жариялады.