Ғаламтор желілерін бір ер адамның мешіттегі ақшаны ұрламақшы болған кездегі видеосы шарлап жүр. Роликте қарақшының мешіттегі садақа жәшігін алдымен қандай құлыпты болсын ашуға пайдаланылатын аспапты және пышақты пайдаланып, бірнеше рет ашпақшы болғаны анық көрінген.
Сол сәтте мешітке бір ер адам намаз оқуға келіп қалып, қаскүнем өзінің арам ойын жүзеге асырып үлгермеді. Сасқан ұрлықшы өзінің арам пиғылын жасап тұрған жерінен намаз оқып тұрған күй танытып, сәждеге құлай кеткен. Намаз оқуға келген ер адам мешіттен шығып кеткен соң, әлгі ұрлықшы аяқталмаған ісіне қайта кіріседі. Соңында мешітке намаз оқуға келген бір топ адамдардан шошып, тығылып үлгереді. Алланың үйін тонамақ болған арамзаның ойы ақыры жүзеге аспады.