Чехияның басшысы Милош Земан мемлекеттегі мұсылман қыз-келіншектердің оқу орындары мен медициналық мекемелерде шариғат шәлісін жамылып жүрулеріне Заң жолымен шектеу қою керек деді «СТК» арнасына 15 қазанда берген сұхбатында.
Чехиядағы орамал төңірегіндегі дау өткен жылғы қыркүйек айында Прага медицина мектебіне хиджабтағы екі студент қыздың медициналық оқу орнына қабылданбай қалуынан басталған болатын.
«Бәрі хиджабтан басталып, паранжамен аяқталады. Бұл барып тұрған азғындық құлдырау», — деп мәлімдеді Чехия басшысы.