Британдық кулинарлық шоу жеңімпазы атанған Надиа Хусейн есімді мұсылман аспазшы Британ патшайымына торт пісірді. Тәтті сыйлық Елизавет патшайымның 90 жылдық мерейтойына арналған.
Патшайым қызғылт-лимонды тортты Виндзорск сарайында кесіп, осындай ерекше сыйлығы үшін Надиа Хусейнге алғыс айтты.
Торттан дәм татқан патшайым жұбайымен серуендеп, онан соң британ көшесімен үсті ашық Range Rover көлігімен өтті.
Бұл күндері британ патшайымына құттықтау тілектері әлем елдерінен, көптеген мемлекет басшыларынан келуде. Бір ғана Twitter парақшасында Елизаветаға арнаған құттықтаулар саны 250 мыңнан асқан.


03 Сәуір 2026
15 Шавваль 1447

