«Кітапхана түні» акциясы аясында Ресей ұлттық кітапханасы аты аңызға айналған Осман Құраны мен өзге де ежелгі діндердің қолжазба нұсқаларын көрсетеді.
Осман Құранын тарихшылар VIII-IX ғасыр туындысы деп топшылайды. Ол біздің заманымызға жеткен қасиетті Құран Кәрімнің ең көне нұсқасы саналады.
«Кітапханаға келушілер «Барлық әлемнің бастауы... : Ресей ұлттық кітапханасы қорындағы әлемдік діндердің қасиетті мәтіндері» атты ерекше көрмесін тамашалай алады. Көрме бас ғимарат алаңында жұмыс істейді» деп жазылған ұлттық кітапхананың ресми сайтында.