Діни экстремизмге жол жоқ!

Діни экстремизмге жол жоқ!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жуырда Т.Рысқұлов аудандық  әкімшілігінде  «Ислам дінінде терроризм мен экстремизмге жол жоқ» атты жиын өтті. Осынау жиынның өтуіне аталған аудандық ішкі саясат бөлімі мен мешіт ұжымы қызметкерлері мұрындық болды.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары БейсенӘлпейсов Бейсен, аудандық «Сұлтан»  мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраевжәне ауыл әкімдері мен  мешіт имамдары қатысты.  

Отырыста аудан имамы Сұлтаншәріп қажы «Экстремизм бағытындағы топтардың елімізге тигізетін зияны» тақырыбында баяндама жасады. Дін маманы өз сөзінде діни шиеленістің мемлекет қауіпсіздігіне тигізетін әсері, оның қауіп төндіретін салдарымен күресу және алдын алу шаралары туралы айтты.     

«Бүгінгі күннің талабына сай мемлекеттік қызметшілер де дін тақырыбын жетік білуі тиіс. Қоғамға түрлі жат ағымдардың дендеп енуі діни сауатты болуымызды талап етеді. Қазақ халқы  байырдан Әбу Ханифа мазхабын ұстанып, ата-бабаларымыз сол мектептің тәлім тәрбиесін бізге аманат етіп қалдырды. Біз өз мазхабымыздан адаспай, дін мен дәстүрімізге берік болған жағдайда ғана  кейінгі ұрпақ та өз жолынан адаспасы анық» ,- деді бас имам.

Ислам дінінде терроризм мен экстремизмге мүлдем жол жоқ екендігі қасиетті Құран аяттары мен хадистермен қуатталатындығы айтылып, жастардың теріс ағымдардан аулақ болу үшін олардың діни сауаттарын көтеру бағытында жұмыстар қарқынды жүру керектігі сөз болды. Бұл шараға қатысқандардың ортақ пікірі де осындай болды.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: