Қордай жеріндегі үмбеттің ұлы күні

Қордай жеріндегі үмбеттің ұлы күні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла өзі белгілеп берген ұлық мереке де елімізге келіп жетті. Мерекені лайықты түрде  қарсы алуға Қордай ауданының дін қызметкерлері ерекше  дайындық өткізді. Қордай ауданының бас имамы ауыл имам-молдаларын бас қосып, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмаларын жеткізіп, әр мешітке бір-бір тармақты нақты орындауды бөліп берді.

Қордай ауылында орталық көше бойларында, мешіт ауласында  Құрбан айтқа байланысты 5 баннер ілінді. «Қордай шамшырағы» газетінің алғашқы бетінде Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының құттықтауы жарық көрді. Айт намазы аудан бойынша бір уақытта  оқылды.

Аудандық «Қордай» мешітінде айт намазы оқылғаннан кейін құрбандықтар шалына бастап, ұлттық ойындар: гір көтеру, қазақша күрес, қол күрес, арқан тарту да өз мықтыларын анықтады. Жеңімпаздар аудан бас имамы Д.Жандосұлының қолынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлақтар алды.

Қасық ауылдық «Құдайберген мешіті «Құрбан айтқа тегін такси» науқанын ұйымдастырып,  балаларға базарлық таратты. «Қақпатас», «Әл Хафиз» және «Өтеген» мешіттері жалпы саны 250 адамға, зиялы қауым өкілдеріне, мұқтаж отбасыларға айт дастарханын ұйымдастырды. «Өтеген» ауылдық мешіті ұлттық ойындарға басымдық беріп, ауыл сыртында арнайы алаңға гір көтеру, арқан тарту және жаны қазақ жан салмайтын көкпар мен бәйге ұлттық спорт ойындарын ұйымдастырып, сыйлықтар үлестірілді. Ал, «Кенен»  ауылдық мешіті жамағаты ұйымдастырыуымен денсаулығында ақауы бар, аз қамтылған Қайсар есімді азаматқа 360 000 теңгеге көліктің кілтін табыс етті.

Әрине құрбан айт күнгі Аллаға ұнамды іс құрбан шалу екені хадистен баршамызға белгілі. Аудандық «Қордай» мешітінде 2 бас ірі қара, 55 қой құрбан шалынып 150 отбасына таратылса, жалпы аудан бойынша мешіттерде 12 бас ірі қара, 223 бас қой сойылып, 626 отбасыға ет таратылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: