Меркідегі мерейлі мереке мейірімін төкті...

Меркідегі мерейлі мереке мейірімін төкті...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жылдағы дәстүр бойынша, Құрбан айт мерекесінің қарсаңында, ауыл имам-молдаларымен бірлесе жиын отырысы өтті. Ауданның бас имамы имам-молдаларға Құрбан айт мейрамына қатысты нақты тапсырмалар берді. "Мешіт айналасын ретке келтіріп, сырлау, әктеу жұмыстары жүргізілсін, мешіт ауласына «Құрбан айт құтты болсын» деген билбордтар ілінсін; Құрбан мал еттерін жағдайы төмен отбасын анықтап, Құрбан еті тапсырылсын. Мешітке көмек сұрап келген кісілерге көңіл бөліңіздер, сұраныстары қанағаттандырылсын, еш уақытта дөрекілік көрсетілмесін," - деді дін маманы өз сөзінде.

Ауданға қарасты барлық мешіттерде ауданға белгіленген уақытта айт намазы жүргізіліп, мешіттерде құрбан мал шалынып мұқтаж жандарға еті таратылды.

Орталық «Меркі ата» мешітінде құрбан айт күндері шалынған мал еттері Меркі және Жамбыл округ әкімшілігімен бірлесе жағдайы төмен  23-отбасына таратылды.

Айттың екінші күні Мешіт жамағаты және мұқтаж жандардың қатысуымен орталық «Меркі ата» мешітінде Құрбан мал етінен ас даярланып айт дастарханнан дәм татылды.

Айттың үшінші күні мүмкіншілігі шектеулі мүгедек 80 жасөспірім ата-анасымен орталық мешітте ұлттық спорт ойындарын тамашалады.

Ұлттық ойындарды ауданның спорт мектебінің жас өнерпаздары көрсетті (күрес, арқан тартыс, асық ойындары) т.б. Жеңімпаздарға сый-құрмет көрсетілді.

Мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер мен ата-аналарына сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, орталық «Меркі ата» мешітінің асханасында, қадірлі қонақтарға Құрбан етінен даярланған мерекелік дастархан жайылып, ас таратылды.

Меркеге орай «Меркі тынысы», «Меркі ақиқаты» басылымдарынан "Құрбан айттың мәні мен маңызы" атты мақала жарық көрді.

Аудандық «Меркі ата» мешіті.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: