Шу жамағаты айт мерекесін атап өтті.

Шу жамағаты айт мерекесін атап өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылман халқының басын қосып, қуаныш пен шаттықтың, ынтымақ пен берекенің қазандығы болған қасиетті Құрбан айт мейрамы Шу ауданында жоғарғы деңгейде аталып өтті.

Арафа күні Шу аудандық "Төле би" мешітінде, және ауданға қарасты барлық ауылдық мешіттерінде, мешіттің ішкі және сыртқы ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді. Мешіт аулаларында және көлік тұрақтары мен қоғамдық орындарында"қасиетті Құрбан айт құтты болсын" атты баннерлер ілініп, Құрбан айт мерекесін дәріптейтін ақпараттар мен мәліметтер Шу өңірі газет беттерінде жарық көрді.

Сары алтын күздің ақ таңы атысымен адамдар бұрынғыдан ширақы, бір киер жаңа киімдерін киіп, аудан тұрғындары Құрбан айт намазына қатысу үшін аудандық "Төле би" мешітіне жиналып, мешіт лық толып, тіпті жиналған жұрт сыймай да жатты. Мінбарға аудан бас имамы Аят Дыбысұлы шығып, құрбандық және Құрбан айт жайлы әсерлі де әсем уағыз-насихат айтып, жиылған жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, жеріміздің тыныштығын тілеп батасын берді.

Сондай-ақ, жылдағы дәстүр бойынша ауданымызда және ауылдық мешіттерде  жалпы 1 бас өгіз, 65 бас қой сойылып, әлеуметтік жағдайы төмен 500 ге жуық отбасыларына таратылды. Қоғамдық көліктер микроавтобус пен газельдер аудандық "Төле би" және "Жылғабек" мешіті Құрбан айт күнінің құрметіне жолаушыларды тегін тасыды.

Сонымен қатар, аталмыш мерекеге орай ауыл жастарының қатысуымен  қол күрес, асық ату, турникке тартылу, гір тасын көтеру  және тай бәйге, т.б бұқаралық спорт түрлері ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы  сыйлықтар  табыс етілді.

                                                                               Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: