Қыздарға арналған сауат ашу курсы аяқталды

Қыздарға арналған сауат ашу курсы аяқталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Т.Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраевтың ұйымдастыруымен биыл алғаш рет қыз балаларға арналған жазғы сауат ашу курсы ашылды.

Бас имамның бастамасымен қолға алынған бұл игілікті шараның негізгі  мақсаты – жазғы демалыс мезгіліндегі балалар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалану, оларды діни сауаттылыққа бағыттап, имандылықтың іргетасын қалыптастырып, жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу  болып табылады.

Жазғы сауат ашу курсында   «Сарыағаш» қыздар медресенің түлегі Әйгерім Тілепова қыз балаларға дәріс берді.

Сабақ барысында жасөспірімдерге Құран әліппесі, имандылық сабақтары, арабша үйрену секілді тәлімі мол дәрістер үйретілді. Курс соныңда жақсы оқыған шәкірттер Алматы қаласына саяхаттап,  көрікті жерлеріне серуендеп келді.

Әбілда Мейрханов

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: