400-ден аса адамға құрбан еті таратылды

400-ден аса адамға құрбан еті таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт – әрбір мұсылманның асыға күтетін ұлық күні. «Құрбан» деген сөздің өзінің негізгі мағынасы — «жақын болу, жақындау» дегенді білдіреді. Яғни, Аллаға жақындау, оған мадақ айту деген сөз. Құрбандық – сонау Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар заманынан бастау алған үлкен тарих, ұлық ғибадат. Бұл мерекеде жағдайы жеткен адамға құрбандық шалу – уәжіп.

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адам баласы құрбан айт күнінде (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Алла Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Алла Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар» - деп өсиет еткен.

Бүгінгі ұлық мейрам күні облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде құрбандық шалынып, мал еті 400-ден аса адамға үлестірілді. Ет алуға келген халық қарасы әдеттегідей көп. Айта кетсек, бүгін сойылған мал еті түгелдей тұрғындарға таратылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: