Баланың қуанышы - елімнің жұбанышы...

Баланың қуанышы - елімнің жұбанышы...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің бұйрығына сәйкес Қордай ауданында іс-шара өтті. Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен, демеушілердің қаржылай көмегімен асыраушысынан айырылған, әкенің қамқорлығын сезіне алмаған 3 отбасындағы 4 балаға әр қайсысына 50 000 теңгеден, 2 аз қамтылған отбасындағы 4 балаға мектепке қажетті құрал жабдықтар және 20 000 теңгеден табысталды. 

Аталмыш науқанды атқаруда ауылдық мешіттер де тыс қалмады. Атап өтер болсақ, «Бетқайнар» мешіті 10 оқушыға  мектепке құрал жабдықтар сыйласа, «Қақпатас», «Рахман», «Құдайберген», «Омар», 2 оқушыны спорттық киімнен бастап, мектеп формасы және мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етті. Ал «Өтеген» мешіті 1 оқушыны толық қамтамасыз еткен.

Жалпы іс-шара барысында 481 000 теңге қаржы жұмсалды. Сауабы мол іс-шара  белсеніділікпен іске асырылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: