Ел болашағы - жастар

Ел болашағы - жастар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында, Шу аудандық "Төле би" мешітінің ұйымдастыруымен, қыз балаларға арналған сауат ашу курсы өз жұмысын жүргізуде.

    Иә, ата дініміз Ислам санасы таза, жүрегі сезгіш, талапшыл балғындарды иман мен иба, ар мен ұят секілді асыл қасиеттерге баулуға үндейді. Келешекте осы сауат ашу курсында тәлім алған шәкірттер Алла қаласа жаман болып өсе қоймас деп сенеміз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: "Сіздердің жақсыларыңыз Құранды үйренулеріңіз және өзгелерге үйреткендеріңіз" - деді.

Мешітке келіп жүрген шәкірттер күнделікті қасиетті Құран оқуды, Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадистерін, күнделікті әр мұсылманға тиісті дұғалар, намаз, дәрет алу сияқты ислам құндылықтарын үйренуде.

40-қа тарта жас қыз балаларға Алла тағаланың сөзі Құран оқуды үйретіп, Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадистерін жаттауға себепші болып жүрген аудандық "Төле би" мешітінің ұстазы Құлыбек Ердәулет бар жігерін салуда. Үздіксіз сабақпен қатар табиғатта тынығып, бой жазу үйренушілердің пайдасына жарағандай. Оқушылар бұған дән риза. "Балалардың демалысын оңтайландырумен қатар имани тәрбие беру аудан мешітінің басты мұраты," - дейді "Төле би" мешітінің бас имамы Аят Алмаханов.

Сондай-ақ, балалардың білімдерін жан-жақты арттыру мақсатында, жоспарға сай әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, діни мультфильмдер көрсетілді.

Бас имам балаларға білім алу жайында, ата-анаға қамқорлық көрсету жайында, елдің абыройлы қалаулысы болу керектігі туралы уағыз-насихат айтып, елімізге, дінімізге пайдалы жақсы азамат болып, өсіп-өрлеулерін тіледі.

  Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: