Ішкі саясат және имам-молдалардың бірлескен отырысы өтті.

Ішкі саясат және имам-молдалардың бірлескен отырысы өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт мейрамының қарсы алдында, ауыл имам-молдаларының және аудандағы діни ахуал жағдайын білуге жаңадан тағайындалған аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлім басшысы Ринат Жантаев аудандық «Меркі ата» мешітінде отырысқа қатысты.

Мәжіліс алдында ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасималиев жалпы аудандағы діни және мешіт мәселесі жайында хабардар етіп, ауыл имам-молдалардың тыныс-тіршілігіне тоқталды.

Дін маманы ауданға қарасты 24 мешіт бар халық игілігінде екенін, бүгінгі таңда тек Қызыл-таң ауылы, «Молдазым» мешітінің құжаттары толық емес, біраз қиындықтардың бар екенін тілге тиек кетті.

"Аудан бойынша мешіттердің 90 пайызында бейнебақылау орнатылған, ал 2-3 мешітте жақын арада орнатылмақ. Құрбан айт мерекесінің жақын қалғанына байланысты, барлық мешіттер дайындық жұмыстар жүріп жатыр," - деп хабарлады ол.

Сөз кезегін алған Ринат Жантаев жұмысқа кіріскеніне бір ай көлемінде болғанын айтып: "Жалпы ауданымызда діни ахуалдың тұрақты, мешіттердің жағдайы жайлы білемін, біраз мешіттерге күрделі жөндеу жұмыстары қажет екенінен де хабардармын. Жалақысыз халыққа қызмет жасап, Ислам дініміздің көркейіуіне өз үлестеріңізді қосып, ел-жұртқа діни уағыз-насихат жүргізіп жатырсыздар. Сіздердің жалақы мәселесі шешіледі деген ниеттеміз, бұл жайында мемлекет деңгейінде мәселе көтерілуде, - деді маман.

Бүгінгі күнге дейін біріге жұмыс атқарып келдік, әрі қарай біріге жұмыс атқарамыз деп сенім білдіремін деп ішкі саясат басшысы танысып-білгеніне өз разылығын білдіріп, тарқасты.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: