Шұрайлы шу жаңа мешітпен толықпақ

Шұрайлы шу жаңа мешітпен толықпақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт мұсылманның Жаратушысына құлшылық жасап, тәубеге келер, хакім Абай айтқандай қияметшіл дүниенің кірінен тазарып, бар арман, үмітінің ақталуын тілеп, дұға жасайтын қадірлі үйі. Ал, мешіттің қабырғасынан діни уағыз тыңдап, білімін жетілдіріп, сауатымды арттырамын, ұстаздан тәлім аламын деген мұсылмандар үшін тәрбие ордасы. Ал, мешіт тұрғызу, оған тұздық болу-сауабы мол іс.

Осы орайда ауданымыздың бас имамы  Аят Дыбысұлы барша жомарт жандарды игілікті іске жұмылдырып, Шу ауданы Сауытбек ауылында мешіт салу ісін қолға алды. Имани ізгіліктермен иірілген сауабы мол құрылыс басына облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің іс басқарушысы Халид Қожахметов, ауыл әкімі Ербол Қосақов арнайы келіп, ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы Алла үйінің алғашқы кірпішін қалады.

Мешіт 70-80 адамға арналған. Айта кетер жайт, қаражат жинауға атсалысқан ауылдың ақжүректі азаматтары. "Енді бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мешітті жуық арада халық игілігіне береміз деген ниеттеміз, - дейді дін мамандары.

                                                                Шу аудандық "Төле би" мешітіңің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: