Біз мектепке барамыз!

Біз мектепке барамыз!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай, Шу аудандық "Төле би" мешітінің ұйымдастыруымен, ауданда және ауданға қарасты ауыл мешіттерінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға "Мектепке жол" акциясы аясында қайырымдылықтар жасалуда..

Шу ауданы бойынша  20 ер бала, 20 қыз балаға барлығы 45 мектеп оқушысына мектепке  қажетті форма, аяқ киім, құралдар үлестірілсе, 5 отбасыға ақшалай көмек көрсетілді. Жалпы жұмысалған қаражат 520.000тг құрады.

Ауданымыздың бас имамы  Аят Дыбысұлы  мектеп шәкірттеріне білімнің абзалдығы жайында уағыз айтып, еліміздің білімді де, парасатты азаматтары болуларын тіледі. Шара соңында Құран оқылып бата берілді.

Балалардың ата-аналары көрсетілген қайырымдылыққа алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

                                                               Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.

   

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: