Қордай ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Қордай ауданына жаңа бас имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданына облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің  наиб имамы Ғ.Жапек арнайы іс-сапармен ат басын тіреді. Жұма уағызының аяғында мәртебелі қонақ ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфтидің бұйрығымен жамағатты таныстырып, өкіл имам Д.Жұмабаевтың ыстық сәлемін жеткізді.

Бас Мүфти бұйрығымен Д.Қасымалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен өз еркімен босатылып, Қордай ауданының бас имамы қызметіне осы мешіттің наиб имамы Дәуренбек Жандосұлы тағайындалды.

Ғ.Жапек имамдар жұмысына сәттілік тілесе, жамағат атынан Дастан Қасымалиевке  қазақи дәстүр бойынша шапан жабылып, ақсақалдар қос имамға ақ батасын беріп, істеріне сәттілік тіледі.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: