#Шу: Таң намазынан соң күнделікті Құран хатым оқылуда

#Шу: Таң намазынан соң күнделікті Құран хатым оқылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ертеректе қазақ дәстүрінде алыстан білігі мен білімі жоғары молда-қажыларды арнайы алдыртып, хатым оқытатын болған. Тіпті, топырағы кеппеген марқұмдарға ғана емес, дүниеден өткеніне жылдар өтсе де рухына хатым оқитын болған. Құран Кәрімді қырық күнде хатым ету мұстахаб, яғни сауапты іс. «Бес уақыт намаздан кейін жасалған дұға сияқты, хатымнан кейін жасалған дұға да қабыл болады» делінген Табарани жеткізген хадисінде.

Қасиетті Рамазан айы Құран түскен ай болғандықтан мешіттерде Құран хатым етілуде. Осындай игілік Шу аудандық "Жәми" мешітінде де жасалып, әр күні таң намазынан соң Құран хатым түсірілуде. Қари Бауыржан Нарматов тарауық намазынан бөлек, таң уақытында жамағатқа күнделікті 1 пара оқып беріп, намазға келген жамағат Құран тыңдап тарқасуда. 

Құранды хатым еткен адамға Жәннатта бір ағаш берілетінін еске салып, оқырманды да Құранды хатым етуге шақырамыз. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: