#Шу: Бас имам "Әбу Бәкір Ас-Сыддық" мешітінде уағыз жүргізді

#Шу: Бас имам "Әбу Бәкір Ас-Сыддық" мешітінде уағыз жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласы "Абу Бәкір ас-Сыддық" мешітіне ауданның бас имамы Бахтияр Амиреев арнайы зиярат етіп барып, жамағатпен кездесті.

Құптан және тарауық намазында жамағатпен кезесіп, "Оразаның артықшылығы" тақырыбында насихат айтты. Бас имам оразаға деген махаббаты арттыратын көркем насихатында: "Ораза – қалқан, яғни пендені жаман сөзден қайтаратын, тозақ отынан қорғайтын құрал.Ораза ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ауыз бекітіп, тіпті оңашаланып, сырт көзден тыс қалған сәттің өзінде ішіп-жеуден тыйылады. Бұл – пенде мен Жаратушы Иенің арасындағы сыр! Суфйан ибн Ъуяйна (р.а.) айтады: «Алла тағала Қиямет күні пендесін жауапқа тартып, амалдарын тізіп, ондағы кемшіліктері үшін айыптайды. Оразаға кезек келгенде Хақ тағала амалдардағы кемшіліктерді кешіріп, оразаның себебінен пендені жәннатқа кіргізеді»" - деп атап өтті.

Көпшілік өз сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: