Облыстық мешітте 1 ай бойы ауызашар беріледі

Облыстық мешітте 1 ай бойы ауызашар беріледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың сұлтаны Рамазан айы келіп, мұсылман қауымына ерекше қуаныш сыйлады. Рамазан айы басталғалы жер-жерде ауызашар өткізіліп, бес парыздың бірі – оразаның мәртебесін көтеруде. Өңіріміздегі облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде жылдағы дәстүр бойынша жамағатты жинап, күнделікті ауызашар өткізілуде. Оразаның алғашқы күнінен басталған ауызашар, Рамазанның соңына дейін үзілмей жалғасын таппақ.

Мешіт қызметкерлері намазға келген жамағат үшін жайнамазда құрма мен су дайындап қалдырып, уақыт кірісімен ауыз ашқан көпшілік ақшам намазын оқып, дастарханға жайғасып жатыр. 

Облыс имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың айтуынша, 1 ай оразаның әр күніне ауызашар өткіземін деп ниет етіп отырған адамдар көп. Яғни, облыстық мешітте ауызашар беру тізімі толық, дегенмен ниеті бар жандарға мүмкіндік қашан да бар! "Һибатулла Тарази" медресе-колледжі мен қарилар курсында оқитын 60 шәкірт пен ұстаздарына ауызашар мен сәресін беру үшін жазылуға болады. Бұл тізім де тездетіп толып қалары белгілі. Сондықтан білім жолында жүрген жандардың асын ұйымдастырып, сауабын аламын дегендер мүмкіндікті қалт жібермегендері абзал. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: