Бірқатар кәсіпорындар сертификатын жаңартты

Бірқатар кәсіпорындар сертификатын жаңартты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінде бүкіл әлем табиғи таза өнімді тұтынуға ынталы. Адам ағзасын улап, зиянын тигізетін сапасы төмен тамақ өнімдеріне деген көзқарастың күрт өзгергені тегін емес. Алпауыт батыс елдері де ислами талаппен өндірілетін өнімге бей-жай қарамайтын болды. Тәуелсіздік алғалы біздің еліміз де бұл мәселені күн тәртібінен түсірген емес. 

Бүгінде Жамбыл облысы "Халал" сертификатын алған өңірлердің ішінде көш бастап тұр. "ҚМДБ Халал Даму" ұйымы сертификат алған кәсіпорындарды мерзімді түрде тексерістен өткізіп тұрады. Осындай кезекті комиссиядан өткен бірқатар кәсіпорындар сертификатын жаңартты.

Атап айтсақ, ЖК "Дадабаев" шұжық өнімдері, ЖК "Иштаев" шұжық өнімдері, ЖШС "Первомайский деликатесы" қасапханасы. Кәсіпкерлерге ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Халал Даму" ұйымының жауапты өкілі Абылайхан Ғабитұлы табыстады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: