#Шу: Ауданның наиб имамы "Оразалы батыр" мешітінде жұма намазын өткізді

#Шу: Ауданның наиб имамы "Оразалы батыр" мешітінде жұма намазын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің наиб имамы Мағжан Мұратұлы Оразалы батыр ауылы "Оразалы батыр" мешітінде жұма намазын өткізді. Имам жұма күні аталған ауылда қалып, кешке ауызашарға қатысты.

Мешітке жиналған жамағатқа "Оразаның мән-мағнасы" тақырыбында көркем уағыз-насихат айтып, ораза ұстауға деген ықыласты арттырып, оразаны барлық дене мүшемен ұстауға, сол арқылы нәпсіні тәрбиелеуге шақырды. 

Наиб имам ауыл жамағатымен тілдесіп, 1 күн ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, түнгі тарауық намазын өткізіп қайтты.

Шу аудандық Жәми мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: