Қыз өссе елдің көркі

Қыз өссе елдің көркі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәпелеп өсірген қыздарымыздың жаздық демалысын тиімді өткізу мақсатында, Шу аудандық Төле би мешітінде қыз балаларға арналған жаздық сауат ашу курсын ұйыдастырған болатынбыз. Иә, ата дініміз Ислам санасы таза, ар мен ұят секілді асыл қасиеттерге үндейді.

Қыздарымыз мешітке келіп күнделікті қасиетті Құран аяттарды оқуды, өмірімізге қажетті болған дұғалар, намаз оқып үйрену, дәрет алу, Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерін жаттап сол сияқты ислам құндылықтарын көкейлеріне сіңдірді. 50 ге жуық қыздарға Ислами тәлім берген Сарыағаш медресесінің шәкірті Жұмашбек Қаламқас Нұрланқызы, үздіксіз сабақпен қатар, қыздарды табиғатта серуендетіп қана қоймай, ойын сауық ойындарын ұйымдастырып тынықтырды.

Курс соңында бір ай бойы алған білімдерін сынап, озатын анықтау мақсатында өз ара жарыс ұйымдастырылды.  Сайыс соңында ауданның найб имамы Қалиев Н қыздарды алғыс хатпен марапаттап, дастархан жайып, тәтті ас берілді.

Талғат Кәрібайұлы,

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: