Қордай тұрғынына баспана кілті табысталды

Қордай тұрғынына баспана кілті табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қордай ауданында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға тұрғын үй кілті табысталды. Бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен бастау алған «Ел үлесі пәтерге жобасы» аясында облыс бойынша беріліп отырған 5-ші үй болса, Республика бойынша 118-ші баспана.

Атаулы қуанышты іс-шараға облыс көлемінде ел ағалары, қариялар, аудан тұрғындары қатысып, өңірлік телеарна мен баспасөз өкілдері, барша жамағат тұрғын үйге ие болған отбасының еселенген қуанышына куә болды. 

Баспана кілтін табыстауға арналған ресми шарада ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл сөз сөйлеп, іс-шараны ұйымдастырған Қордай ауданының бас имамы Дәурен Құттыбаевқа және белсенділік танытқан жамағатқа, демеушілік көрсеткен кәсіпкер азаматтарға өз ризашылығын білдірді. Сонымен қатар жақсылықта жарысу жайлы мәнді де маңызды насихат айтып, баспана кілтін тапсырды. Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет пен мешіт ақсақалы Өмірзақов Нұрғали ақ баталарын беріп, құттықтауларын жеткізді.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы "Зекет" корпоративтік қорының өкілі Бекболат Мыңбаев бұл ізгілік үшін әуелі Аллаға шүкір айтып, елімізде жомарт та зекет беруші жандардың көп болуын тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: