Меркі ауданы: «Құрбан айт» мерекесі - халық ынтымағы

Меркі ауданы: «Құрбан айт» мерекесі - халық ынтымағы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың ішінде қасиетті болған Зулхиджа айының 10-шы  жұлдызында орын алатын «Құрбан айт» мерекесін аудан жұртшылығы, мұсылман бауырларымыз мерекелеп, ауданға қарасты елді-мекендердегі барлық мешіттерде айт намазы оқылды.

Алла тағалаға сансыз шүкірлер болсын, намазға ниет қойған бауырларымыздың жыл сайын қатары көбейіп, мешітке сыймаған жастар, мешіт ауласына жайнамаздар төселіп, айт намазын жамағат болып бірге оқыды. Мешіттерде айт намазына келушілерге барлық жағдай қарастырылған.

Құрбан сөзінің мағынасы Аллаға «жақындау». Осы жақсылыққа ұмтылған мұсылман бауырларымыздың саны көбеюіне байланысты орталық «Меркі ата» мешітінің өзінде 180 отбасына 70 қой сойылып таратылды. Құрбан етін алған отбасылар көпбалалы, жағдайы төмен, зағип мүгедек жандар. Бұл көрсеткіш тек орталық мешітте болған іс-шара, ал үй-үйде шалынған құрбан малы қаншама? Ауыл мешіттерінде 50-ге жуық мал сойылды.

Орталық «Меркі ата» мешітінің ауласында, Құрбан айт мерекесінің құрметіне арналған ұлттық спорт ойындары, арқан тартыс, білек күш сайысы, гір тасын көтеру ойындары өтті.

Жақсылыққа ниеттену, жақсы амалда болу - ынтымақ-бірлік, жамағат арасында бір-біріне деген көз қарасын, шынайы махаббатын, қамқорлық сезімдерін оятады. Осы мақсатты ұстана отырып, Құрбан айт мерекесінің 3-ші күні аудан орталығындағы мешіттер жамағаты орталық «Меркі ата» мешітінде жамағат болып бір дастарханда бас қосып, мерекелік астан дәм татып, имам-наиб имамдар уағыз-насихат айтты.

Жақсы дәстүр бұдан ары қарай өзге мешіттерде ай сайын жалғасын табады – деп бас имам Батырбек қажы Жақсымбетұлы марқұмдарға құран бағыштап, дұға жасап тарқасты.

Меркі ауданы, орталық «Меркі ата» мешіті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: