Сарысу ауданындағы құрбан айт мерекесі

Сарысу ауданындағы құрбан айт мерекесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылман қауымының ұлық мерекесі құрбан айт Сарысу ауданында да зор қуанышпен аталып өтті. 11 тамыз күні таңғы сағат 7:10 да мешіттерде айт намазы оқылды. Жаңатас қаласындағы аудандық мешіт пен «Жаңатас» мешіттерінде жамағатқа айттық дастархан жайылып, намаздан шыққан көпшілік мешіттегі дастарханнан ауыз тиіп, бір-біріне жақсы тілектер айтып жатты. Ауданның орталық мешітінде, Саудакент ауылындағы «Майлыбай» мешітінде және Жайылма ауылындағы «Ысқақ пірадар» мешітінде мешіт жамағаты спорттық жарыстардан күш сынасты.

Арнайы рұқсат етілген орындарда құрбандық малдары шалынып мұқтаж отбасыларға таратылып берілді. Биыл аудан бойынша 102 уақ мал, 7 ірі қара, 1 түйе құрбандыққа шалынып, 440 отбасыға ет таратылды. Шынайы ниет, кең пейіл, жомарттық және бауырмалдық сияқты қасиеттер таразыға түскен осы бір құлшылықты атқарған жамағаттың құлшынысы да ерекше.

Барша мұсылманның құрбандық ниеттерін Алла Тағала Қабыл етсін!

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: