Шулықтар Құрбан айт мерекесін өз деңгейінде атап өтті

Шулықтар Құрбан айт мерекесін өз деңгейінде атап өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылман халқының басын қосып, қуаныш пен шаттықтың, ынтымақ пен берекенің бастауы болған қасиетті Құрбан айт мерекесі Шу ауданында өз деңгейінде аталып өтті.

Арапа күні Шу аудандық "Төле би" мешітінде, және ауданға қарасты барлық ауылдық мешіттерінде, мешіттің ішкі жіне сыртқы ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді. Мешіт аулаларында және көлік тұрақтары мен қоғамдық орындарында қасиетті Құрбан айт құтты болсын атты баннерлер ілініп, Құрбан айт мерекесін дәріптейтін ақпараттар мен мәліметтер Шу өңірі газет беттерінде жарық көрді.

Қасиетті күні таң сәрінің ақ таңы атысымен адамдардың жүздерінде қуаныш лебі білініп, Такбир Ташриқты айтып, аудан тұрғындары Құрбан айт намазын оқу үшін аудандық Төле би мешітіне жиналып, мешіттің іші-сырты лық толып, тіпті жиналған жұрт симай да жатты. Аталмыш мешіттің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы мешітке келген көпшілікке Құрбан шалудың маңыздылығы мен оның артықшылығы жайында әсерлі уағыз-насихат айтып, жиылған жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, шын ықыласын жеткізді.

Сонымен қатар, жылдағы дәстүрге сай ауданымызда және ауылдық мешіттерде жалпы 1 бас өгіз, 78 бас қой сойылып, әлеуметтік жағдайы төмен 300-ге жуық отбасыларына таратылды. Ауылдардан ауданға қатынайтын тегін көліктер ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ, Құрбан айт құрметіне "Қойайдар" мешітінде арқан тарту, асық ату, қой көтеру, қол күрес сынды қазақи спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді. "Бірлікүстем" мешітінің ұйымдастыруымен ауылда тұратын жағдайы төмен 10 отбасына азық-түліктей үлестірілді. Барлығы 100.000тг қаражат жұмсалды.

Талғат Кәрібайұлы,

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: