Кешірім үнемі жеткілікті бола бермейді…

Кешірім үнемі жеткілікті бола бермейді…

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Хурайра (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) бір күні адамдардан былай сұрағанын келтірген: «Кімнің жарлы болып табылатынын білесіңдер ме?» Ал адамдар: «Кімнің ақшасы, мүлкі болмаса, сол жарлы», - деп жауап берген екен.

Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Ақиқатында, Қиямет күні менің үмбетімнің жарлысы өзімен бірге намаздарын, оразаларын, зекеттерін ала келеді, бірақ анықталғандай, ол біреуге тіл тигізді, біреуді қаралады, біреудің мүлігін қолды етті, біреудің қанын төкті, біреуді ұрды, осылайша, оның игі амалдарынан біреулерге берілетін болады, ал егер бәрімен есеп айырысып болмай жатып, оның игі амалдары таусылатын болса, онда жәбір көргендердің күнәлары оған жүктелетін болады да содан кейін ол Тозаққа тасталады!» (Ахмад, Мүслим, ат-Тирмизи).

Бір адам басқа бір адамның құқығын бұзғанда, ең жақсы дегенде, жасағаны үшін алдынан өтіп, кешірім сұрайды, бірақ кешірім сөздері үнемі жеткілікті болып, кәдеге жарай бермейді. Өйткені құқығына қол салынған адам «сөзбен ғана» кешірім беріп, бәрі ұмытылғандай түр жасауы мүмкін. Негізінде, шынайы кешірім тек қана сөзбен білдірілетін кешірімді ғана талап етіп қоймайды…

Ибн Мадж, Малик пен Ахмадтан келген хадисте Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Біреуге де, басқаларға да зияныңды тигізбе». Егер зиян келтірілген болса, сол зиянның шығынын өтеп немесе мүмкіндігінше зиянды жою керек.

Осы жерде Пайғамбарымыз (ﷺ) бен оның сахабасы арасында болған оқиға еске түседі. Бәдір шайқасында Пайғамбарымыз (ﷺ) қолына шыбық ұстап алып сапты түзетіп жүреді, Сауад есімді сахаба біраз алдыға шығып алған екен.Пайғамбарымыз (ﷺ) әлгі сахабаны қолындағы шыбықпен ішінен нұқып қалып: «Қатарға тұр, қатарға тұр», - деп айтады. Сонда Сауад: «Уа, Алла Елшісі, ішімді ауырттың ғой!» - дейді. Пайғамбарымыз (ﷺ) одан: «Не қалайсың?» - деп сұрайды. Сахаба:  «Маған не жасасаң саған да соны жасағым келеді. Сен мені ұрдың, мен де сені ұрамын», - дейді. Алла Елшісі (ﷺ) оған шыбықты беріп: «Мә, өзіңдікін қайтар», - дейді.

Сонда Сауад: «Уа, Алла Елшісі, сен менің ішім ашық тұрғанда ұрдың», - деп айтады. Алла Елшісі (ﷺ) киімін көтеріп, ішін жалаңаштайды. Ал Сауад болса оған жақындап келіп, ішінен сүйіп алады. Бұған таңғалған Пайғамбарымыз (ﷺ): «Уа, Сауад, бұлай жасауыңа не түрткі болды? Мұны неге жасадың?» - деп сұрайды. Сауад: «Уа, Алла Елшісі, бізді не күтіп тұрғанын сен білесің. Бұл дүниемен байланысты болған соңғы нәрсем - сенің денеңе қол тигізу еді». Сонда Алла Елшісі (ﷺ): «Пайғамбарлардың денесіне қол тигізгендерді от жалыны шарпымайды», - деп қуантқан екен. Бұл оқиғадан көріп отырғанымыздай, Сауадтың ішін ауыртып алған Алла Елшісі (ﷺ) тек кешірім мен өкініш сөздермен ғана шектеліп қалмаған. Ол теңдей дәрежеде зиянын қайтарып алуға рұқсат берген.

Кейде дәл осындай өтемақы ғана келтірілген зиянның орнын толтыра алады. Кейбір жағдайда зиян тең болмайды да жәбір көрушіге қатысты жақсылық жасау да дұрыс болады. Мысалы үшін, Әбу Масғуд әл-Ансаримен болған оқиғаны келтірейік. Оқиға былай болған: «Өз қызметшімді салып қалғанда, арт жағымнан:  «Әбу Масғуд, біліп қой, Алланың саған деген билігі сенің оған деген билігіңнен басым», - деген дауысты естіп, бұрылып қалып мұны айтқан Алла Елшісін (ﷺ) көрдім де: «Уа,  Алла Елшісі, оны Алла разылығы үшін босаттым», - дедім. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) оған былай тіл қатқан екен: «Егер сен бұлай жасамағанда, Тозақта жанар едің» (Мүслим).

Әбу Масғуд сияқты кейде келтірілген зиянды моральды, материалды немесе кез-келген басқа өтем ақы арқылы өтеп, әділеттілікті орнатқан жөн.  Ал егер мұндай мүмкіндік болмаса ше? Жәбір көрген адам қайтыс болып кетсе немесе алыста болған жағдайда, сол адамға дұға жасау пайдалырақ болады. Мысалы, Алла Елшісінің (ﷺ) мынадай дұға жасағаны келтірілген: «Уа, Алла, қандай бір мүмінге тілім тиген болса, соның өтеуі ретінде Қиямет күні оны Өзіңе жақын ете гөр!».

Аса құлықтылық – бұл тек қана кешіріп, жақсылыққа итермелеу емес, сонымен қатар, кешірім сұрап, кешірім алуға қол жеткізу. Құранда былай айтылған:

«Ол күні залымдардың желеулері кәдеге аспайды» (40:52)

Сол себепті де келтірген зиянның өтемін өтеу үшін мүмін адамгершілікті, әдемі әрі адал тәжірибелерге сүйенуі керек. Бәлкім, бізді бұл дүние мен о дүниеде моральдық қарыздан құтқаратын осы амалдар шығар.

Дайындаған: asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: