Қарғыс қалай әсер етеді?

Қарғыс қалай әсер етеді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сұрақ:

Исламда қарғыс жайында не айтылған? Ата-анамыз бізге қатты ашуланғанда, ұрсып, кейде тіпті қарғап та жібереді. Олардың қарғысы бізге жете ме?

Жауап:

Исламда қарғыс, қарғау – өте маңызды мәселе. Біреудің қарғысын алмау үшін аса мұқият болған жөн әрі біреуді қарғамас бұрын абай болу керек, өйткені қарғыстың әсері өте күшті. Егер адам айтылған қарғысқа лайық болса, оған қарғыс жетеді, ал егер адам қарғысқа лайық болмаса, онда қарғыс қайтып оралып соны айтқан адамға жабысады.

Сахаба Әбу Дарда (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген:

«Адам қарғыс айтқанда, ол көкке көтеріледі, бірақ оның алдынан көк қақпалары жабылады да ол қайтадан Жер бетіне түседі, алайда Жер де оны қайтарып тастайды, сонда қарғыс қашып кеткісі келеді, бірақ қаша алмайды да қарғыс айтылған адамға жетеді. Егер әлгі адам қарғысқа лайық болса, онда қарғыс оған әсер етеді, ал егер ол қарғысқа лайық болмаса, онда қарғыс оны айтқан адамға барып зиянын тигізеді» (Әбу Дәуд, хадис 4905)

 Алла жақсы біледі.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: