Біз еліміздің салауатты азаматымыз

Біз еліміздің салауатты азаматымыз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық спорт кешенінде аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастырумен «Илам және жастар» жылына орай, қасиетті рамазан айы мен Ораза айт мерекесіне құрметіне күрестен кіші жасөспірімдер арасында жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 7 ауыл аумағынан 100  жасөспірім қатысты.

Сайыста алғы сөз берілген аудан бас имамы Д.Жандосұлы барша жиналған спорт сүйер қауымды Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жариялаған «Ислам және жастар» жылының маңыздылығымен таныстырып, Ораза айт мерекесімен құттықтап, Алла елшісінің: Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда жақсырақ, бірақ екеуінде де қайыр бар» - деген хадисін түсіндіріп, жас өспірімдерді жан-жақты сауатты, спортпен шұғылданатын мықты мұсылман болуға шақырды.

Спорттық шараның  құрметті қонағы, мешіт алқа мүшесі, спорт мастері Өмірзақов Нұрғали адам өміріндегі спорттың маңыздылығына тоқтап, іс-шараға ұйытқы болып отырған аудандық мешітке өз разылығын білдірді.

Салтанатты ашылу рәсімі өтіп, жастар білек сыбана жүзден жүйрік, мыңнан мықтыны анықтауға кірісіп, күрес матыларына кезекпен кезек шықты. Жарыс 2 күнге созылып, үздіктер анықталып, жеңімпаздарды бас имам Д. Жандосұлы, Н.Өмірзақов және басқа да спорт шеберлері марапаттады.

Жасөспірімдерге медаль, грамота және бағалы сыйлықтар естелікке сыйға тартылды. Осылайша «Ислам және жастар» жылы шеңберінде, салауатты өмір салты насихатталып, Ораза айт мерекесі аталып өтті.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: